×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді

Бүгін, 10:30
Надежда Морозова конькимен жүгіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.

Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

Серіктес жаңалықтары