×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Жол апатынан кейінгі төбелес өліммен аяқталды: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды

Бүгін, 12:20
Жол апатынан кейінгі төбелес өліммен аяқталды: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды
Видеодан алынған кадр

Шымкентте Василий Колесниковтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Адвокаттың айтуынша, ер адамдар Түркістан облысының Түлкібас ауданынан табылған. Болжам бойынша, олар оқиғадан кейін сол жерде бой тасалап жүрген, деп жазды Otyrar.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 20 қаңтар күні әлеуметтік желілерде бірнеше көліктің жүргізушілері мен жолаушылары арасындағы жанжал түсірілген видео тараған. Әуелі жолда екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған. Одан кейін оқиғаға қатысушылар өзара дауласқан. Біраз уақыттан соң оқиға орнына тағы бір көлік келіп, жанжал жаппай төбелеске ұласқан.

Куәгерлердің айтуынша, төбелеске шамамен 10 адам қатысқан, кейін пышақтар қолданылған. Соның салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Төбелеске қатысқан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, олардың бірінен дәрігерлер көптеген жарақатты анықтаған. Тағы бір адамды күштеп көлікке отырғызып алып кеткені хабарланды, кейін оның мәйіті қала сыртынан табылды.

Бұған дейін Шымкент қалалық полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді іздеуге барлық күш пен құрал жұмылдырылғанын мәлімдеген. Осыған дейін бұл іс бойынша төрт адамның ұсталған еді.
 

Серіктес жаңалықтары