×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

26 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Бүгін, 16:47
26 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Freepik

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 26 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.

– Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, – деп болжады "Қазгидромет".

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары