×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Зеленский Тихановскаямен алғаш рет кездесіп, оны Киевке шақырды

Бүгін, 08:05
Зеленский Тихановскаямен алғаш рет кездесіп, оны Киевке шақырды
Фото: x.com/Tsihanouskaya

Вильнюсте Владимир Зеленский мен Светлана Тихановскаяның алғашқы ресми кездесуі өтті — тараптар санкциялар мен Лукашенко режимінің жауапкершілігі мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы екіжақты кездесу

Украина президенті Владимир Зеленский мен Беларусь демократиялық күштерінің көшбасшысы Светлана Тихановская алғаш рет ресми екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер 25 қаңтар күні кешке Вильнюсте өткенін Тихановская Telegram-арнасында хабарлады. Беларусь саясаткері Зеленскийге демократиялық Беларусьті қолдағаны үшін алғыс айтып, Украинаға жанашырлық танытып, қолдау білдіргені үшін «заңсыз сотталған» беларусь еріктілерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол желтоқсан айында Украинаның беларусь түрмелерінен босатылған саяси тұтқындар тобын қабылдағанына ризашылығын білдірді.

Тараптар санкциялық саясатты және «еуропалық және америкалық серіктестермен бірлесіп Лукашенко мен режимнің сыбайластарының жауапкершілігін қамтамасыз ету стратегиясын» талқылады. Тихановская Украина тарапынан Беларусь бойынша арнайы өкіл тағайындауды ұсынды, ал Зеленский оны Киевке ресми сапармен келуге шақырды.

Мемориалға бару

Келіссөздерден кейін саясаткерлер Польша мен Литва президенттері Кароль Навроцкий және Гитанас Науседамен бірге Вильнюстегі Расу зиратына барды. Мұнда Ресей империясының билігіне қарсы 1863–1864 жылдардағы Қаңтар көтерілісіне қатысушыларға арналған мемориал орналасқан. Зеленский қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, естелік кітапқа мынадай жазба қалдырды:

- Украина, Польша, Литва және Беларусь халықтарының Ресей империясына және бодандыққа қарсы көтерілісі. <...> Қаңтар көтерілісі кезінде қаза тапқандардың рухы шат болсын. Өз халықтарының бостандығы үшін күрескендердің барлығына мәңгілік құрмет.

Беларусь туралы қатаң мәлімдемелер

Еске алу шарасында сөз сөйлеген Украина президенті Беларусь іс жүзінде «Ресейдің генерал-губернаторлығына» айналғанын тағы да мәлімдеді. Ол 2020 жылы беларусь халқына Еуропа тарапынан көрсетілген қолдау жеткіліксіз болғанын атап өтті. Зеленскийдің айтуынша, бүгінде Беларусь аумағы Ресей тарапынан Украинаға дрондармен шабуыл жасауға, санкцияға іліккен тауарларды сатып алуға және Еуропаға қысым көрсетуге пайдаланылып отыр.

- ХХ ғасырдағы соғыстардың көпшілігі — ХІХ ғасырдағы әлемнің күштілерінің немқұрайлылығының салдары. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы және Ресейдің Молдоваға, Шешенстанға, Грузияға қарсы өзге де соғыстары — барлығы біздің халықтарымыздың шындығына бейжай қараудың нәтижесі.

Айта кетейік, Светлана Тихановская Украинаға соғыс басталғалы бері барған жоқ. Бұған дейін ол украин тарапы ресми шақырту жолдаған жағдайда Киевке келуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары