×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Ресейдің әуе шабуылынан кейін Киевте 1600-ден астам үй жылусыз қалды

Бүгін, 10:19
Ресейдің әуе шабуылынан кейін Киевте 1600-ден астам үй жылусыз қалды
Getty Images

Сенбі күні Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кейін қаладағы 1676 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалғанын, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Сенбі күні Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кейін қаладағы 1676 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалғанын Киев мэрі Виталий Кличко хабарлады. Оның айтуынша, 24 қаңтарда болған шабуыл салдарынан жалпы саны шамамен алты мың тұрғын үй жылу жүйесінен ажыратылған. «Настоящее Время» басылымының дерегінше, бұл нысандардың басым бөлігі 9 және 20 қаңтардағы шабуылдардан кейін жылуға екі мәрте қосылған немесе қосуға талпыныс жасалған үйлер болған.

Украина әуе күштерінің мәліметіне сәйкес, жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украина аумағына 102 ұшқышсыз аппарат пен екі зымыран ұшырған. Олардың 87-сі жойылған. «15 дрон 10 нысанға дәл тиіп, сондай-ақ бір жерде атып түсірілген дрондардың жерге құлағаны тіркелді», — делінген ресми хабарламада.

25 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Днепропетровск облысындағы Никополь қаласын артиллериялық атқылауға алды. Облыстық әскери әкімшілік басшысы Александр Ганжаның айтуынша, шабуыл салдарынан көпқабатты тұрғын үй мен газ құбыры зақымданған. Сонымен қатар Никополь ауданында инфрақұрылым нысандары, жеке үйлер, электр желілері мен газ құбырлары бүлінген.

 

Серіктес жаңалықтары