×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

«Жерімізді Қытайларға беріп жатыр»: Өзбекстандық шаруалар жерлерін тартып алып жатқанын айтуда

Бүгін, 11:07
«Жерімізді Қытайларға беріп жатыр»: Өзбекстандық шаруалар жерлерін тартып алып жатқанын айтуда
Азаттық радиосы

Өзбекстанның Әндіжан облысында жағдай ушығып барады. Фермерлер жергілікті билік жер телімдерін «ерікті түрде» өткізуге мәжбүрлеп жатқанын және бұл жерлер кейін қытайлық инвесторларға беріліп жатқанын айтуда, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Азаттық радиосының жазуынша, мақта, көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп отырған фермерлер басылымға берген сұхбаттарында шенеуніктер түн ішінде келіп, қорқыту мен қысым көрсету арқылы жерлерін беруге мәжбүрлеп, сол арқылы күнкөріс табысынан айырып жатқандарын айтқан.

«Олар үйіме келіп, мені және әйелімді күшпен көлікке отырғызып, аудан әкімдігіне апарды. Алдымен мені ауыл шаруашылығы жөніндегі әкім орынбасары Шухрат Камчиевтің қабылдауына апарды, кейін аудан әкіміне кіргізді. Олар жерімізді қытайларға беру туралы президенттің тапсырмасы бар екенін айтты», — деген Қорғантепе ауданындағы шаруалардың бірі Зоиржон Гаппаров.

Алайда Өзбекстанның ресми өкілдері жер телімдерін беру толықтай ерікті әрі заң аясында жүріп жатқанын, сондай-ақ бұл жерлердің шетелдік меншік иелеріне, соның ішінде қытайларға берілмейтінін мәлімдеген.

Өзбекстан заңы бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді. Шаруалар мемлекеттен жерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға алады. Үкімет жалдау шартын біржақты түрде бұза алмайды. Мұндай қадамға тек жалдау ақысының уақтылы төленбеуі немесе жерден өз еркімен бас тарту жағдайында ғана жол беріледі.

Серіктес жаңалықтары