×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

«Бейбітшілік кеңесі» кім үшін? Сәтпаев АҚШ-тың Орталық Азияға көзқарасын талдады

Бүгін, 17:31
«Бейбітшілік кеңесі» кім үшін? Сәтпаев АҚШ-тың Орталық Азияға көзқарасын талдады
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан мен Өзбекстанның «Бейбітшілік кеңесіне» шақырылуына, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанның бұл тізімге енбеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саясаттанушының айтуынша, өткен жылы АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерінің өңір елдеріне жасаған сапары және Вашингтонда өткен «С5+1» форматындағы саммит Ақ үй үшін Қазақстан мен Өзбекстанның басым бағытта тұрғанын көрсетті.

Оның сөзінше, Астана мен Ташкенттің «Бейбітшілік кеңесіне» шақырылуы жалғыз мысал емес. Бұған дейін Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевті Майамиде өткен G20 саммитіне де шақырған. Бұл — АҚШ-тың аталған елдерге саяси-экономикалық байланыстар тұрғысынан ерекше қызығушылық танытып отырғанын айғақтайды.

Сонымен қатар, Досым Сәтпаев Қырғызстан мен Тәжікстанның тізімде болмауы бұл мемлекеттерге мүлде мән берілмейді дегенді білдірмейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, АҚШ президенті географияны терең біле бермейді, ал сыртқы саяси күн тәртібін экономикалық мүдделерге сүйенетін айналасындағы команда қалыптастырады. Бұл тұрғыда АҚШ-тың басты бәсекелесі — Қытай Халық Республикасы, ал Орталық Азия аймағы Вашингтон үшін ең алдымен ресурстық және логистикалық өңір ретінде қарастырылады.

- Егер елдер біріге алса, өңірдің дербестігіне төнетін қауіп жоқ деп санаймын. Ынтымақтастықсыз әр мемлекет жеке-жеке әлсіз. Орталық Азия елдері басшыларының тұрақты кездесулері, шекара мәселелерін өз бетінше шешуі және өңірлік әріптестіктің кеңеюі елдердің бірлесе әрекет етуді үйреніп келе жатқанын көрсетеді. “Бейбітшілік кеңесі” — нақты қауіптен гөрі символдық белгі. Алайда ол өңір үшін ортақ ұстаным мен біртұтас үнді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін айқындайды, — деп келтіреді саясаттанушы Досым Сәтпаевтың сөзін 24.kg.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойған болатын. 

Артынша Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп не туралы сөйлескенін айтты. 

Серіктес жаңалықтары