×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Ақтөбеде әскерилерге берілген үйде бөгде адамдар тұрған

Бүгін, 19:40
Ақтөбеде әскерилерге берілген үйде бөгде адамдар тұрған
Ашық дереккөзден

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы қорғаныс ведомствосының балансында тіркелмеген төрт пәтерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПӘТЕРЛЕРДІҢ ЖАЙЫ

Бұл пәтерлер 20 жылдан астам уақыт бойы заңды құжаттарсыз пайдаланылып келген. Құқық белгілейтін ресми құжаттар болмағандықтан, оларды бөгде адамдар заңсыз иеленіп отырған. Бұл туралы әскери прокуратура хабарлады.

Әскери прокуратураның мәліметінше, қала әкімдігінің талап арызы негізінде сот шешімі қабылданып, аталған пәтерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Кейін олар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің балансына берілді. Қайтарылған тұрғын үйлердің жалпы бағасы 53 миллион теңгеден асады.

КОНТЕКСТ

Запастағы полковник, Оңтүстік әскери округінің бұрынғы командирінің орынбасары Манас Магуловтың айтуынша, Қазақстан армиясы «кедейлер армиясына» айналған. Оның пікірінше, казармаларда, әскери полигондарда және аэродромдарда орын алатын төтенше жағдайлардың басты себебі – шенеуніктердің жауапсыздығы мен олардың қабылдайтын заңдары.

Абай облысында әскерден қайтуына екі ай қалған сарбаз Қазыбек Оспанов қайтыс болған еді.

Түркістан облысы Өргебас ауылында отбасы қара жамылды. Әскер қатарында борышын өтеп жүрген жас сарбаздың мәйіті туған үйіне табытпен жеткізілді. Марқұмды отбасы екі айдан кейін аман-есен оралады деп күтіп отырған.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 қаңтарда Абай облысы Жаңғызтөбе елді мекенінде орналасқан 47007 әскери бөлімде болған, деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қатардағы сарбаз Қазыбек Оспанов сол күні көз жұмған. Марқұмның анасының айтуынша, қаралы хабарды әскери бөлім командирі өзі жеткізген.

Серіктес жаңалықтары