×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Қазақстан Иран аспанында ұшуға тыйым салды

Бүгін, 20:40
Қазақстан Иран аспанында ұшуға тыйым салды
Ашық дереккөзден

Қазақстанның Авиация әкімшілігі отандық әуе компанияларына Иран аумағының үстімен, сондай-ақ оның әуе кеңістігіне жақын аймақтарда ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл шешім әуе қауіпсіздігіне төнген қатердің күшеюіне байланысты қабылданды және арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады. Әкімшілік қазіргі уақытта барлық қазақстандық рейстер «қауіпті аймақты» айналып өтіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ жағдай тұрақты бақылауда екені, тәуекелдер өзгерген жағдайда қосымша шаралар қабылданатыны айтылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Иран әуе кеңістігін жапқан соң, Air Astana әуе компаниясы рейстерінің бағытына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген еді. Енді әуе кемелері Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина қалаларына Иран аумағын айналып ұшатын болады. Осыған байланысты тұрақты және чартерлік рейстердің ұшу-қону кестесінде ауытқулар болуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Ирандағы шиеленіске байланысты ел билігі үш айға төмен биіктіктегі ұшуларға шектеу енгізді. Ел ішінде визуалды ұшулар (Visual Flight Rules – VFR) уақытша тоқтатылды. Тек әскери және мемлекеттік авиацияға, іздестіру-құтқару және медициналық рейстерге, сондай-ақ мұнай компанияларының келісілген тікұшақ ұшуларына рұқсат берілді.

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі де әуе тасымалдаушыларға Иран үстімен кез келген биіктікте ұшудан бас тартуды ұсынды. Ұйымның ескертуінде Иранның әуе қорғаныс күштері жоғары дайындық жағдайында тұрғандықтан, азаматтық ұшақтарды әскери нысан деп қате тану қаупі бар екені айтылды. Бұл өз кезегінде азаматтық рейстер үшін үлкен қауіп төндіреді.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Тегеранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған жаппай наразылықтар көп ұзамай саяси сипат алып, бүкіл елге тарады.

Серіктес жаңалықтары