×
503.35
590.63
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.35
590.63
6.62

Бір жылда 1,6 триллион теңге құмар ойынға кетеді

Бүгін, 22:40
Бір жылда 1,6 триллион теңге құмар ойынға кетеді
Ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, соңғы заңнамалық өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық төлемдер көлемі азайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БӘСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ

«Бір жылдан астам уақыт ішінде жалпы сомасы 1,6 триллион теңгеге бәс жасалды. Оның ішінде ұтыстар 1,2 триллион теңгені құрады. Яғни қайтарымдылық деңгейі 75 пайыз болды, ал қалған 25 пайызы ұйымдардың пайдасына қалды. Қазіргі таңда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс жасайды», – деді Ержан Біржанов Электрондық қаржы орталығындағы таныстырылымда.

ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ

Осылайша, Қазақстандағы ересек тұрғындардың шамамен 15–20 пайызы құмар ойындарға қатысатыны белгілі болды.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ДАУ

Еске сала кетейік, қаңтар айында әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерге жасалған ақша аударымдары ипотека рәсімдеуден бас тартуға себеп болуы мүмкін деген видео кеңінен тараған еді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Сенат депутаттары мектеп оқушылары арасында танымал «хватайка» деп аталатын ойын автоматтарына сертификаттау енгізуді талап етіп отыр. Сенаторлардың пайымынша, мұндай ойын автоматтары отбасылық жанжалдарға, ақша бопсалау жағдайларына және ерте жастағы лудоманияға себеп болуы мүмкін.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев арнайы кран арқылы заттарды іліп алу принципімен жұмыс істейтін ойын автоматтары желісінің қаптап кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, бұл автоматтар ақша ұтпайтындықтан, құмар ойындарға жатпайды. Сондықтан олардың жұмысына, ұтыс алгоритмдеріне, жас шектеулеріне немесе орналастыру талаптарына қатысты нормалар қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары