×
501.79
595.07
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.79
595.07
6.56

Енді отандық және шетелдік фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді

Енді отандық және шетелдік фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда отандық және шетелдік фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Олжас Бектеновтің сөзінше, президент жеке қаржыға түсірілген фильмдерді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу туралы тапсырмасына1 сәйкес Үкімет «Кинематография туралы» заңға түзетулер әзірлеген. 

- Түзетулер 2025 жылғы 24 желтоқсанда Парламент Мәжілісінен қолдау тауып, Парламент Сенатының қарауына енгізілді. Түзетулер қабылданғаннан кейін шетелдік және отандық фильмдерді елімізде прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы сараптама комиссиясы қарайтын болады, – делінген жауапта. 

Сондай-ақ, Олжас Бектеновтің сөзінше, еліміздің кинотеатрларындағы фильмдер прокатының мониторингі күшейеді. 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Еске салайық, бұған дейін депутат Ерлан Саиров ақпарат және мәдениет министрлігі жанынан кинопрокатқа шығатын отандық фильмдердің мазмұнын алдын ала көркемдік-эстетикалық, идеологиялық, ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия құруды түрде іске асыру қажет деп депутаттық сауал жолдаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары