×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Украинада соғыс кезінде Тайландта жүрген депутатты партиядан қуып жіберді

26.01.2023, 20:15
Фото: Ашық дереккөзден

«Слуга народа» партиясының өкілі Юлия Паличук партияласы Николай Тищенконың фракция төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанын хабарлады. Алдағы уақытта фракция отырысы өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Соғыс кезінде халық қалаулыларының не істеу керектігін бәрі бірдей түсіне бермейтінін көріп отырмын. Сондықтан біз бірқатар кадрлық шешім дайындап жатырмыз», - деген ол Николай Тищенконы «Слуга народа» фракциясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылған айтады.

Ал партияның жетекшісі Дэвид Арахамия депутатты фракциядан шығару үшін шұғыл жиналыс шақырылғанын айтады.

Өз кезегінде «Слуга народа» депутат Марьяна Безуглая әріптесі Николай Тищенко Таиландқа кеткені туралы ақпаратқа өткір реакция білдірді. Безуглая Тищенконы жетекшілік қызметтен айыруды ғана емес, фракциядан шығаруды ұсынады.

«Тищенко Таиландта ма? Бірақ президенттің тыйымы ше? Ұят. Менің ойымша, осындай кезекті жағдайдан кейін оны өткен жолғыдай басшылық қызметтен айыру ғана емес, фракциядан шығару керек. Мен өтініш жасап жатырмын», - деп жазды Безуглая.

Серіктес жаңалықтары