×
501.79
595.07
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.79
595.07
6.56

Апелляциялық сот Мырзатайұлының үкімін өзгертпеді

Апелляциялық сот Мырзатайұлының үкімін өзгертпеді
Ulysmedia.kz коллажы

Апелляциялық сот алқасы белсенді Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот алқасы бірінші инстанциядағы сот үкімі заңды деп бағалады. Судья Мирболат Мырзатайұлының адвокаттарының өтінішхаттарын қанағаттандырмады. Процеске белсендінің өзі қатыстырылмады. 

Сотта белсендінің адвокаттары оны босатуды сұраған. Прокурор оған қарсылық білдірген.

Бұған дейін Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті

КОНТЕКСТ

Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Алмалы аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен.  Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

15 қаңтарда Мирболат Мырзатайұлы Алматыдан Тараз түрмесіне ауыстырылды

Серіктес жаңалықтары