×
501.79
595.07
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.79
595.07
6.56

Мұғалімдерге қосымша сабаққа шектеу қойыла ма

Бүгін, 20:10
Мұғалімдерге қосымша сабаққа шектеу қойыла ма
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда сабақтан кейін ақылы қосымша сабақ өткізетін мұғалімдерге шектеу енгізу жоспарланып отыр. Егер мұндай қосымша жұмыс олардың мектептегі негізгі қызметінің сапасына әсер етсе, арнайы шаралар қабылданады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

TESLA EDUCATION

Tesla Education компаниясына қатысты оқиғалардан кейін министрлік құқықтық тетіктерді күшейтуге бағытталған ауқымды жұмысты бастап кеткен. Қосымша білім беру репетиторлық қызмет нарығына жатады және әзірге заңмен нақты реттелмеген. Мұнда сабақ сағаттарының саны мен салықтық жүктеме мәселелері ашық күйінде қалып отыр. Министрдің пікірінше, мұның бәрін педагогикалық қауымдастықтың ұсыныстарын ескере отырып заң арқылы реттеу қажет.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

«Бір жағынан, бұл – мұғалімнің интеллектуалдық меншігі. Бірақ егер сабақтар мектеп қабырғасында өтсе, заңдық және салықтық тұрғыдан реттеу қажет. Мұнда білім сапасы да маңызды. Егер мұғалім мемлекеттен жалақы алып, өз сабақтарын толық өткізбей, сонымен қатар ақылы сабақ жүргізсе, оны заңмен қадағалау керек», – деді Сүлейменова.

БҰҒАН ДЕЙІН

Kundelik электронды платформасын әзірлеуші компания оқушылардың жеке деректерінің таралуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары