×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Ресей Қазақстанда орыс тілін дамытудың жаңа тәсілін ұсынды

Бүгін, 14:22
Ресей Қазақстанда орыс тілін дамытудың жаңа тәсілін ұсынды
culture.ru

Ресейдің Сыртқы істер министрлігінде орыс тілін халықаралық деңгейде насихаттауға арналған жаңа ұйым құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Национальный акцент» басылымының мәліметінше, аталған ұйым ТМД елдерінде жақын арада жұмысын бастайды. Оның негізгі мақсаты — орыс тілін шетелде қолдау және дамыту.

Жаңа құрылымда Ресейді Сыртқы істер министрі Сергей Лавров таныстырады. Еске салайық, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бұл ұйымды құру туралы келісімді 2023 жылы-ақ жасаған болатын.

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, ТМД кеңістігінде орыс тілін сақтау мен дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

— ТМД аумағында орыс тілі ұлтаралық өзара іс-қимылдың, қарым-қатынастың құралы әрі әлемдік мәдениет пен әдебиетке, ғылым мен білімге жол ашатын өзіндік “кілт” ретінде дамытылып келеді. Осы міндетті іске асырудағы ең маңызды құралдардың бірі — Халықаралық орыс тілі ұйымы болмақ, — деді ол.

Мария Захарова ұйым тек ТМД елдеріне ғана емес, өзге мемлекеттерге де ашық болатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа құрылымға аймақтан тыс елдер де мүше бола алады.

Серіктес жаңалықтары