×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі де сотталды

Бүгін, 14:30
Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі де сотталды
AP Photo

Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары Ким Гон Хиге 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот Ким Гон Хиді «Бірлік шіркеуі» атты діни ұйым өкілдерінен қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп таныды. Алайда өзге бірқатар айыптар бойынша ол ақталды.

Атап айтқанда, сөз акция бағамына қатысты алаяқтық әрекеттер мен саяси қорларды қаржыландыру туралы заңнаманы бұзу жөніндегі күдіктер туралы болып отыр, деп жазады DW.

ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР

Бұған дейін арнайы прокурорлар тобы Ким Гон Хиге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ол 2025 жылдың тамыз айында қамауға алынған.

Тергеу деректеріне сәйкес, экс-президенттің жұбайы құны 2,2 мың доллар тұратын Dior сөмкесін сыйлық ретінде қабылдаған. Президент әкімшілігі бұл фактіні растағанымен, сыйлық мемлекеттік мүлік ретінде тіркеліп, сол мәртебеде сақталғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, Ким Гон Хи Оңтүстік Кореядағы BMW көліктерінің ресми дилері — Deutsch Motors компаниясының бұрынғы басшысымен сөз байласып, акция бағасын қолдан көтеру арқылы заңсыз пайда табуға тырысты деген күдікке ілінген. Алайда бұл эпизод бойынша да сот оны ақтады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльдің өзі 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді. Ол тұтқындауға кедергі келтіргені үшін сотталған. Бұл бұрынғы мемлекет басшысына әскери жағдай енгізуге әрекет жасау ісі аясында шығарылған алғашқы үкім.

Серіктес жаңалықтары