×
502.27
597.15
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.27
597.15
6.57

Қытай Қазақстанның батысындағы жаңа зауытқа қыруар қаржы құймақ

Бүгін, 15:28
Қытай Қазақстанның батысындағы жаңа зауытқа қыруар қаржы құймақ
gov.kz

Ақтөбе облысында хромды өңдеуге арналған ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жобаны жүзеге асыруға Қытайдың ірі компанияларының бірі — Sichuan YinHe Chemical Co. Ltd. дайын екенін білдірген. Инвесторлар хромды терең өңдеуге бағытталған заманауи өндіріс орнын салуды көздеп отыр. Кәсіпорында тыңайтқыштар мен химиялық өнімдер жоғары деңгейде өңделіп шығарылмақ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, зауыттың жылдық қуаты 200 мың тоннаға дейін жетеді. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 500 млн доллар. Жоба аясында 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Kazakh Invest басқарма төрағасы Сұлтанғали Кинжақұловтың айтуынша, өңірдің инвестициялық әлеуетін кешенді талдау нәтижесінде хром және химия-металлургия саласы басым бағыт ретінде айқындалған.

— Ақтөбе облысының ресурс қоры, экспорттық мүмкіндігі және толық өндірістік цикл қалыптастыру әлеуеті ескеріле отырып, хром және химия-металлургия өнеркәсібі негізгі бағыт ретінде белгіленді. Бұл жобаны іске асыру шикізатты өңдеу деңгейін едәуір арттырып, жартылай дайын өнім экспортын азайтуға мүмкіндік береді, — деді ол.

Қазіргі таңда тараптар экологиялық тәуекелдерді барынша төмендету және өндірісті мүмкіндігінше жергіліктендіру мәселелерін талқылап жатыр.

Серіктес жаңалықтары