×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

«Отыр, 3»!: Абаев ел туризміне төмен баға қойды

22.02.2022, 16:01
Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев ел туризмін дамыту жолдарына тоқталды. 

– Ең бірінші – инфрақұрылым. Мысалы, қазір осы жерден кез келген өңірге велосипедтен бара алатын болсақ, онда ол туризмді дамыта алады. Яғни инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласын дамыту қажет, - дейді министр.

Абаев Қазақстан туризміне қандай баға беретінін де айтты. 

– Қазіргі уақытта еліміздің туризміне 5 балдан 3 балл беруге болады деп ойлаймын. Қызық орындар, баруға тұрарлық, бір-біріне мүлде ұқсамайтын жерлер бар. Бізде бәрі бар: таудан тасқа дейін, орманнан шөлге дейін. 5 балға жету үшін инфрақұрылым мен сервисті дамытуымыз керек, – деді ол.