Энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің айтуынша, Қазақстан Теңіз кен орнынан 840 мың тонна мұнайды толық көлемде ала алмады. Дегенмен нақты шығын мөлшері кен орны толық қуатына шыққаннан кейін ғана есептелмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОҚТАУДЫҢ ҚҰНЫ
Министрдің сөзінше, Теңіздің толық тоқтауы барлық серіктестерге күніне шамамен 40 миллион АҚШ долларына түседі. Қазақстанның үлесі роялти, салықтар және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы басқарылатын мемлекеттік үлес есебінен қалыптасады. Алайда нақты соманы есептеу үшін уақыт қажет.
ШЕВРОН ЖӘНЕ ТШО УӘДЕСІ
«Бұл қиындықтарды әлі еңсерген жоқпыз, сондықтан шығын көлемін айтуға ерте. Теңізді іске қосқан соң нақты шығынды жариялаймыз. Кеше мен Chevron корпорациясының және Теңізшевройл басшылығымен келіссөз жүргіздім. Олар бізге осы 840 мың тонна өндірілмеген мұнайды толықтырып беруге уәде етті», – деді Аккенженов Мәжілістегі брифингте.
ЖЫЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕ ШЫҒЫН БОЛМАЙДЫ
Министрдің айтуынша, компаниялар жылдық есеп бойынша шығын болмайтынын мәлімдеген.