×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Қонаевта көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Бүгін, 11:06
Қонаевта көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті
Скриншот

Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.

28 қаңтар күні кешкі уақытта Алматы облысының әкімшілік орталығы — Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, пәтер ішіндегі бөлмеаралық қабырғалар зақымданды. Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға салдарынан екі адам түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Департаменттің мәліметінше, жарылыс өртке ұласқан жоқ.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, аталған тұрғын үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Алайда жарылыс болған пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылған. Осыған байланысты департамент екі қабаттан жоғары көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын қолдануға заңмен тыйым салынғанын ескертті.

Айта кетейік, Қазақстанда мұндай оқиғалар жиі тіркеледі. Өткен жылы Алматы облысының Қарабұлақ ауылындағы үшқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам жарақат алған болатын. Бұған дейін, қазан айында Түркістан облысындағы тұрғын үйлердің бірінде де газ жарылысы орын алған.

Серіктес жаңалықтары