×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

CNN: Трамп Иранға қарсы ауқымды соққы жасауға дайындалып жатыр

Бүгін, 15:49
CNN: Трамп Иранға қарсы ауқымды соққы жасауға дайындалып жатыр
Reuters

Иранмен жүргізілген келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, АҚШ жаңа әрі ауқымды соққы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Шабуылдың ықтимал нысаналары ретінде Иранның саяси басшылығы, мемлекеттік құрылымдары мен ядролық нысандары болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

CNN телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы жаңа ауқымды соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасында Иранның ядролық бағдарламасы мен баллистикалық зымырандар өндірісін шектеу жөніндегі келіссөздері нәтижесіз аяқталғаннан кейін күн тәртібіне шыққан.

28 қаңтарда Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасап, Иранды «ядролық қарудан бас тартуды көздейтін әділ әрі адал келісім» жасау үшін келіссөз үстеліне қайта оралуға шақырды. Ол АҚШ-тың Иранға жасайтын келесі соққысы 2025 жылдың жазында Иранның үш бірдей ядролық нысанына бағытталған операциядан әлдеқайда ауыр болатынын ескертті.

Дереккөздердің айтуынша, қарастырылып жатқан нұсқалар қатарында АҚШ әуе күштерінің Иран басшылығы мен күштік құрылымдарына соққы беруі нұсқасы да бар. Вашингтон оларды жаппай наразылықтар кезінде жүздеген адамның қаза табуына жауапты деп санайды. Сондай-ақ Иранның ядролық нысандары мен мемлекеттік мекемелеріне шабуыл жасау ықтималдығы да талқылануда. Алайда әзірге түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Дональд Трамптың мәлімдемесі Тегеранда қатаң реакция туғызды. Иран билігі АҚШ-тың кез келген әскери әрекетіне дереу жауап беретінін мәлімдеді.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елге қарсы кез келген агрессияға Иран қарулы күштері«дереу әрі қатаң» жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Ал аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Шамхани әскери әрекеттер соғыстың басталуы ретінде қабылданатынын айтып, оған «бұрын-соңды болмаған» жауап берілетінін ескертті.

 

 

Серіктес жаңалықтары