×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Елена Рыбакина – Australian Open-2026 чемпионы!

Бүгін, 16:09
Елена Рыбакина – Australian Open-2026 чемпионы!
instagram.com/australianopen

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4. 

Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды.

Бұған дейін Australian Open-2026 турнирінде Рыбакина келесі қарсыластарды жеңген:

  • Кайя Юван (100-орын) — 6:4, 6:3
  • Варвара Грачева (77-орын) — 7:5, 6:2
  • Тереза Валентова (54-орын) — 6:2, 6:3
  • Элизе Мертенс (21-орын) — 6:1, 6:3
  • Ига Швентек (2-орын) — 7:5, 6:1
  • Джессика Пегулу (6-орын) — 6:3, 7:6. 

Еске салайық, бұл Рыбакинаның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі екінші титулы. Ол 2022 жылы Уимблдон чемпион атанған еді.  

Серіктес жаңалықтары