Абай облысындағы ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда жазасын өтеуші көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, екі сотталушы жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісін соққыға жыққан. Алған жарақаттары ауыр болып, жәбірленуші қайтыс болған.
Оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, қаңтар айының басында Шымкенттегі колония қызметкерлері сотталғандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болған еді.