×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды

Бүгін, 11:49
Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
polisia.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алайда Алматы полиция департаменті мұны жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.

– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, - делінген хабарламада.

Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.

 

Серіктес жаңалықтары