×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

«Қорғас» орталығы екі аптаға жабылады

Бүгін, 13:07
«Қорғас» орталығы екі аптаға жабылады
Ulysmedia.kz коллажы

Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «Қорғастың» әкімшілігі орталықтың 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хабарламаға сәйкес, орталық Қытайдағы мерекеге және Қазақстан тарапындағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмысын тоқтатады.

- Қытай Халық Республикасында Қытай Жаңа жылының атап өтілуіне және “Қорғастың” қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты орталық 2026 жылғы 16 ақпан мен 1 наурыз аралығында жабық болады. Осы кезеңде қазақстандық тарапта туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – делінген әкімшілік таратқан ақпаратта.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «Қорғастың» қазақстандық бөлігі әлі толық аяқталмағаны, инфрақұрылымының ескіргені, соған қарамастан модернизациялау жоспарлары мен миллиардтаған теңге инвестиция салынғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Орталықтың қашан толық жаңартылып, келушілерге қолайлы деңгейде жұмыс істейтіні әзірге нақтыланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары