×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

Бүгін, 14:38
Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?
ЖИ / ulysmedia.kz

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды мерекелерге байланысты ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Жалпы есеппен ел тұрғындары бұл айда бес күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. Осыған байланысты мерекелік демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін демалыс 7, 8 және 9 наурызды қамтиды. Ал алты күндік жұмыс тәртібінде істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыз, сейсенбі – жұмыс күні болып саналады.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында аталып өтеді. 2026 жылы 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс күндері 24 және 25 наурызға – дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалатын болады.

Серіктес жаңалықтары