×
505.17
599.54
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.17
599.54
6.59

Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктінің балалары мемлекет қарауына алынды

Бүгін, 12:10
Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктінің балалары мемлекет қарауына алынды
Ulysmedia.kz коллажы

Атырау облысындағы Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне күдікті адам әлі іздестіріліп жатыр. Осыған байланысты оның кәмелетке толмаған бес баласы уақытша мемлекет қамқорлығына алынды. Бұл шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 2 ақпанда полициядан балаларға қатысты шұғыл шара қабылдау қажет екені туралы хат түскен. Соның негізінде олар уақытша мемлекеттік мекемелерге орналастырылған.

Аудандық комиссияның шешімімен үш бала бейімдеу орталығына жіберілді. Ал бір және үш жастағы екі сәби арнайы Сәбилер үйіне орналастырылды. Жауапты органдар балалардың жағдайы бақылауда екенін, олардың құқығы мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан бір отбасы хабар-ошарсыз кеткен. Қаңтар айында қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдік күйеу баласына түскен. Қазір ол халықаралық іздеуде.

Әкімдік дерегінше, күдіктінің отбасы өте қарапайым өмір сүрген, тұрақты табысы болмаған. Негізгі күнкөрісі қарт туыстарының зейнетақысы болған. Көршілер тарапынан бұрын ешқандай шағым түспеген.

Серіктес жаңалықтары