×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Шымкентте сот қызметкері жәбірленушінің 2,6 млн теңгесін қалтаға басқан

27.01.2023, 16:52
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте сот кеңсесінің қызметкері 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталушы Шымкент қаласы Абай аудандық соты кеңсесінде қызмет атқарып жүрген сәтінде жәбірленушінің ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен айыпталып жатқан інісіне қатысты қылмыстық іс бойынша оңды шешім шығарып бермек болып, 2 600 000 теңге алып, өз қажетіне жаратып жіберген.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

«Жәбірленушінің талап арызы қанағаттандырылып, сотталушы қылмыс салдарынан келтірілген материалдық залал өндірілді. Сот жаза тағайындау барысында ауырлататын мән-жайларға, сотталушының өзi берген кәсіби антын бұзғанын, ал жеңілдететін мән-жайларға оның қамқорлығында кәмелет жасқа толмаған 3 баласы барын ескерді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ» - делінген Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары