×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Өзбекстан желіде былапыт сөз айтатындармен күресудің жолын тапты

Бүгін, 08:21
Өзбекстан желіде былапыт сөз айтатындармен күресудің жолын тапты
ЖИ / ulysmedia.kz

3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Олий Мәжіліс Заң шығарушы палатасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі өрескел әрі қорлайтын әрекеттер үшін жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бастаманы ӨзЛиДеП партиясынан сайланған депутаттар тобы ұсынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Gazeta.uz мәліметінше, заң жобасы интернет кеңістігіндегі бейәдеп сөздерге, қорлау, тиісу, агрессивті әрі өктем мінез-құлыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейді. Құжат авторларының пікірінше, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзады әрі әлеуметтік желілерде барған сайын жиілеп барады.

Депутаттар Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексті жаңа 183-1-баппен толықтыруды ұсынады. Бұл бап телекоммуникациялық желілер мен интернеттегі құқықбұзушылықтарға тікелей қатысты болмақ. Отырыс барысында депутат Хушвакт Хайитов әлеуметтік желілердегі осындай заңбұзушылықтар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, боқтық пен қорлау сөздер көбіне әдейі әрі демонстративті түрде қолданылады. Бұл әсіресе жастар арасында агрессия мен құрметсіздіктің күшеюіне ықпал етеді.

Заң жобасын Миллий тикланиш партиясының жетекшісі Алишер Кадиров та қолдады. Оның сөзінше, интернеттегі бұзақылық үшін 5 млн сумға дейін (шамамен 204 мың теңгеден аса) айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасын енгізу ұсынылып отыр. Кадировтың пікірінше, тек түсіндіру жұмыстарымен шектелу жеткіліксіз, нақты жауапкершілік шаралары қажет.

КОНТЕКСТ

Қазірдің өзінде Өзбекстанда ұсақ бұзақылыққа қатысты бап қолданыста бар. Ол қоғамдық орындарда боқтық сөз айтып, қорлау әрекеттері үшін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасын қарастырады.

Серіктес жаңалықтары