×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі өзіне тағылған айыпқа алғаш рет пікір білдірді

Бүгін, 13:18
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі өзіне тағылған айыпқа алғаш рет пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп танылған енесі мен күйеуі - Наталья және Александр Донцовтардың қазір Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

112 редакциясы жариялаған эксклюзивті кадрларда Александр Донцовтың өзі көрінеді. Ол қылмысқа еш қатысы жоқ екенін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды және өзін жала жауып отыр деп мәлімдеді.

Алайда 112 дереккөзіне сүйенсек, 2 ақпанда Александр мен Наталья Донцова Мәскеу қаласының Тергеу комитетінде түсініктеме берген. Тергеу барысында Наталья Донцова РФ Конституциясының 51-бабына сүйеніп, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан.

КОНТЕКСТ

Айгүл Сайлыбаева 40 жаста еді. Ол Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта бала әкесімен бірге тұрып жатыр.

Жақында Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады.

Серіктес жаңалықтары