×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

Жаңа Конституция жобасына қатысты пікір айтқан журналистердің үйіне полиция келген

Бүгін, 09:56
Жаңа Конституция жобасына қатысты пікір айтқан журналистердің үйіне полиция келген
Көрнекі сурет Фото: власть

Жаңа Конституция жобасына қатысты пікір айтқан журналистердің үйіне полиция келген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Журналистер Дина Елгезек пен Жалғас Ертайдың үйлеріне полиция келген.

«Үйге полиция келді. «Түсіндірме жұмысы» дейді мыс. Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау - Отаным алдындағы перзенттік парызым!» деп жазды Дина Елгезек.

Жалғас Ертайдың айтуынша, «полиция одан желіде жобаға қатысты айтқан жазбасын өшіруді талап еткен. Ол одан бас тартқан». Жалғас Ертай бұған дейін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында

«Билік тіл мәселесінде Ресей факторын қалқан ретінде ұстап отырғанын» айтқаны еді. Оның айтуынша, негізгі фактор — мемлекеттік бюрократия аппараты мемлекеттік тілге көшкісі келмейді.

Контекст

Желіде жобадағы 9-бап 2-тармақты алып тастауды немесе өзгертуді талап еткендер көп.

2-тармақта «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.

Жаңа Конституция жобасы 31 қаңтарда үкімет сайтында жарияланған. Ол кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

Серіктес жаңалықтары