×
495.1
583.72
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.1
583.72
6.46

"Ешкімге керек емес" қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

Бүгін, 10:44
"Ешкімге керек емес" қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
Getty sport

2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды. 5 ақпанда Миланда (Италия)  Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Генадий Головкин мен Азия олимпиада кеңесінің басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Азияданы өткізу туралы құжатқа қол қойды.

Салынып бітпеген қала жыры

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясының әлі салынып бітпеген Неом қаласында өтуі тиіс болған. Бірақ қаңтарда Сауд Арабиясы Азияданы өткізе алмайтынын мәлімдеген.

2017 жылы Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салман шөл далада Неом атты футуристік қала салынатынын жариялады. Жоба аясында ұзындығы 170 шақырым, ені 200 метр болатын The Line атты қала және Троджена тау-шаңғы кешені бой көтеруі тиіс еді. Дәл осы Тродженада Қысқы Азия ойындарының жарыстарын өткізу жоспарланған.

Алайда уақыт өте келе Неом жобасының жүзеге асу қарқыны баяулағаны белгілі болды. Бастапқыда 170 шақырым болады деп жоспарланған The Line қалашығының ұзындығы қазір небәрі 2,4 шақырыммен шектелуі мүмкін деген ақпарат тарады. Неом қаласының құрылысын 2030 жылға қарай аяқталуы мүмкін.

Кейде төрт жылда бір, кейде сегіз жылда бір өтетін ойын

Кейінгі кездері Азия олимпиада кеңесі үшін қысқы Азия ойындарын өткізетін қала немесе ел табу қиынға айналған. Оған себеп аймақта қысқы спорт ойындарын өткізуге ауа райы қолайлы ел мен инфрақұрылымы сай қала саусақпен санарлық.

1986-2011 жылдар аралығында қысқы Азия ойындарын Жапония (үш рет), Қытай (екі рет) және Оңтүстік Корея (бір рет) өткізіп келген. 2011 жылы Азияда ойындарын Алматы мен Астана қалалары қабылдаған.

2017 жылғы Қысқы Азия ойындары Жапонияның Саппоро қаласында өтті. 2021 жылға жоспарланған Азиада коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиада қарсаңында Қысқы Азия ойындары тестік жарыс ретінде ұйымдастырылады деген ақпарат тараған. Алайда 2021 жылғы Қысқы Азиада Қытайда өтпеді. Осыдан соң, араға күректей сегіз жыл салып, 2025 жылы Қысқы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары