Қазақстандағы айырбастау пункттерінде қытай юанінің «таза» сатылымы бесінші жыл қатарынан өсіп келеді. 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында бұл көрсеткіш 1,7 млрд теңгеден асып, 2024 жылмен салыстырғанда бірден 17,2%-ға артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЙМАҚТАР
Нетто-сатылымның оң көрсеткіштері 17 өңірде тіркелген. Оның ішінде 1 млрд теңгеден астамы Алматы қаласына тиесілі. Айтарлықтай төмен көрсеткішпен Астана мен Қарағанды облысы кейінгі орындарда тұр — тиісінше 141,5 млн және 138,2 млн теңге.
Ал юаньның «таза» сатылымы теріс болған өңірлер ретінде Жетісу облысы (–29,1 млн теңге), Алматы облысы (–1,5 млн теңге) және Түркістан облысы (–300 мың теңге) аталды.
БАҒАМ
Өткен жылы қытай юанінің ресми айырбас бағамы орта есеппен 72,6 теңгені құрады. Бұл 2024 жылғы орташа көрсеткіштен 11,2%-ға жоғары. Ал биылғы қаңтар айындағы орташа бағам 72,8 теңге болды — бұл алдыңғы аймен салыстырғанда небәрі 0,3%-ға, ал 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1,3%-ға жоғары, депж азады Finprom.