×
495.1
583.72
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.1
583.72
6.46

Қазақстандық өсімдік майын ең көп қай елдер сатып алып жүр

Бүгін, 18:07
Қазақстандық өсімдік майын ең көп қай елдер сатып алып жүр
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылы майлы дақылдар егілетін алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға немесе 1,1 млн гектарға артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 889 мың тонна өсімдік майы өндірілген. Майлы дақылдар егілетін алқаптардың негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысына тиесілі.

- 2025 жылы 4,8 млн тонна майлы дақыл жиналды (2024 жылы — 3,3 млн тонна), оның ішінде күнбағыс көлемі — 2,3 млн тонна (2024 жылы — 1,8 млн тонна). Майлы дақылдарды қайта өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаты жылына 5 млн тоннадан асады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 888,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді, бұл 2024 жылғы деңгейден (757,1 мың тонна) 17,4%-ға жоғары. Оның ішінде күнбағыс майының көлемі 757,2 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп, – делінген хабарламада.

ЭКСПОРТ

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсімдік майы экспорты 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға артқан. Негізгі сатып алушылар қатарында Өзбекстан (жалпы көлемнің 46%), Қытай (33,7%), Тәжікстан (13,1%), Ауғанстан (4,3%), Түрікменстан (1,8%) және басқа елдер бар.

Серіктес жаңалықтары