×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Шымкентте құрт ауруын жұқтырғандар көбейген

28.01.2023, 10:49
Ашық дереккөз

Шымкентте туберкулезбен науқастанушылар көбейген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласында өткен жылы туберкулезбен науқастанушылар саны 324 жағдайға жеткен. Бұл көрсеткішті 2021 жылмен салыстырғанда 15 жағдайға көбейгенін көруге болады. Яғни, 2021 жылы науқастанушылары саны 309 болған.

Кох таяқшасын жұқтыру балалар арасында да белең ала бастаған. Өткен жылы 14 жасқа дейін 23 бала туберкулезбен науқастанса, 15-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 13 жағдай тіркелген.

Вирус жұқтырған бүлдіршіндер ішінде ата-анасы екпеден бас тартқандарда бар.

Серіктес жаңалықтары