Бангладеште Нипах вирусынан адам өлімі тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдің солтүстігінде шамамен 40-50 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Алғашқы белгілер 21 қаңтарда пайда болған. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырған, кейінірек қатты сілекей бөлініп, құрысулар басталған. Бір аптадан кейін ол көз жұмған, ал диагноз қайтыс болғаннан кейін ғана расталған, деп жазды The Guardian.
Сонымен бірге ДДҰ вирустың халықаралық деңгейде таралу қаупін төмен деп бағалап, сапарларға немесе саудаға шектеу енгізуді ұсынбайды. Нипах вирусы көбіне жарқанаттардың бөлінділерімен ластанған азық-түлік арқылы жұғады, ал адамнан адамға сирек беріледі. Аурудың өлім-жітім көрсеткіші 75%-ға дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл вирусқа қарсы мақұлданған вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектер жоқ.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында Нипах вирусы анықталған жағдайға әрекет ету бойынша арнайы оқу-жаттығулар өткен болатын.