×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

TikTok арқылы террористік материалдарды таратқан тұрғын сотталды

Бүгін, 15:09
TikTok арқылы террористік материалдарды таратқан тұрғын сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деп айыпталған Семей қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынған.

TIKTOK

2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

ЕСКЕРТУ

Абай облысының прокуратурасы интернет желісінде террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды тарату, репост жасау, сондай-ақ сақтау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгеніне азаматтардың назарын аударады және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары