×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

АҚШ әскери-әуе күштері генералы қол астындағыларды 2025 жылы Қытаймен соғысуға дайындалуға шақырды

28.01.2023, 14:40
Ашық дереккөз

АҚШ Әскери әуе күштері қолбасшылығының басшысы генерал Майк Минихан Қытай мен АҚШ арасындағы Тайвань үшін соғыс 2025 жылы басталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Мен қателесемін деп үміттенемін. Алайда, түйсігім алдамаса, бұл соғыс 2025 жылы болуы мүмкін», - дейді Майк Минихан қол астындағыларға жіберген жазбасында.

“Америка Құрама Штаттары да, Тайвань да 2024 жылы президенттік сайлау өткізеді, ал Қытай төрағасы Си Цзиньпин сол кезде Тайваньды басып алуға тырысуы мүмкін”, - деді генерал.

Минихан офицерлерге 28 ақпанға дейін Қытаймен шайқасқа дайындыққа байланысты барлық маңызды оқиғалар туралы есеп беруді тапсырды. Наурыз айында офицерлерге «жеке істерін қарастыру» және құқықтық мәселелерді шешу жүктелді.

Әуе күштерінің қолбасшылығында 50 мыңға жуық әскери қызметкер және 500-ге жуық ұшақ бар. Олар тасымалдауға және жанармай құюға жауапты.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі өз кезегінде Миниханның пікірлері «департаменттің Қытайға деген көзқарасын көрсетпейді», ал Пентагон Үнді-Тынық мұхиты аймағын «бейбіт, еркін және ашық» ұстауға тырысады деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары