×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

Қазақстан билігі Нұрлан Сабуровты «Вагнер» тобына көмектескені үшін жауапкершілікке тарта ма?

Бүгін, 11:31
Қазақстан билігі Нұрлан Сабуровты «Вагнер» тобына көмектескені үшін жауапкершілікке тарта ма?
скриншот

Алматылық белсенді Марат Тұрымбетов әзілкеш Нұрлан Сабуровтың үстінен бас прокуратураға арыз түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Бас прокуратураға берілген арыз туралы Марат Тұрымбетов Facebook желісінде хабарлады. Ол Нұрлан Сабуровтың «арнайы әскери операцияны» (СВО) қаржыландыру фактісін тексеруді талап етіп отыр.

– Құзырлы органдар бұл мәселеге қатысты тиісті тексеру жүргізеді деп ойлаймын. Ал егер бұл жалған донос болып шықса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікті көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз, – деп мәлімдеді белсенді.

Бұл оқиғаға қатысты саясаттанушы Талғат Қалиев те пікір білдірді. Ол Сабуровтың шынымен де үшінші бір елдің әскери операцияларын қаржыландыруға қаражат бөлгені расталса, онда олқылмыстық кодекс аясында қарастырылатынын айтты.

– Осыған байланысты біздің мемлекеттік органдар оның әрекеттеріне құқықтық баға беруі керек. Өйткені бұл өзгелер үшін де сабақ болады. Олар қандай да бір соғысты қаржыландырғысы келсе, мейлі тыйым салынған ИГИЛ, ХАМАС немесе «СВО»-ны қолдаушылар болсын. Қазақстан Республикасының азаматтары адам өмірін сақтауға көмектесуге құқылы, алайда адам өлтіруді қолдауға құқығы жоқ, – деді Қалиев.

Контекст

Әлеуметтік желіде әзілкеш Нұрлан Сабуровтың алдағы 50 жыл Ресейге кіруіне тыйым салынды деген ақпарат талқыланып жатқан тұста, БАҚ пен пабликтерде әртістің Украинаға қарсы Ресей жағында соғысып жүрген «Вагнер Истра легионына» 10 мотоцикл бергені туралы видео тарады.

Видеода Сабуров «Ратибор» деген лақап аты бар Александр Кузнецов жетекшілік ететін Легион сарбаздарына мотоцикл беретінін айтады. Әзілкеш көмегі тиісті жерге жететініне үмітті екенін айтып, жеке әскери компания қатысушыларына «аман-сау және жеңіспен оралуды» тілейді.

Серіктес жаңалықтары