×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

Қырғызстан билігіндегі «екінші адам» Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті

Бүгін, 16:32
Қырғызстан билігіндегі «екінші адам» Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті
akipress.org

Қырғызстан билігінде «екінші адам» саналатын Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қамшыбек Тәшиевті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

«Ең алдымен мен бұл шешімді мемлекетіміздің мүддесі үшін қабылдадым. Қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы бөлінуді болдырмау мақсатында, керісінше, бірлікті нығайту үшін жасадым», – деді Садыр Жапаров. 

Контекст

Бұған дейін Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерілген. Бір топ ғалымдар мен экс-премьер-министр және бұрынғы депутаттар мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге байланысты ұсыныс айтып, президент пен Жоғары Кеңес төрағасының атына хат жолдаған.

Садыр Жапаров 2021 жылдың 28 қаңтарынан бері президент болып қызмет атқарып келеді.

Садыр Жапаровтың сенімді серектерінің бірі, биліктегі «екінші адам» деп аталатын Қамшыбек Тәшиевтің қызметінен босатылуы осы бастамалармен қатысы болуы мүмкін деп болжап жатқан сарапшылар да бар.

Серіктес жаңалықтары