×
490.58
584.77
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.58
584.77
6.34

2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылады

Бүгін, 17:14
2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылады
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанға 2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылады. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қуантыров инвестиция тарту бойынша ең негізгі жобаларға тоқталды. 

- Біздің негізгі мақсатымыз 2029 жылға дейін 150 млрд доллар инвестиция тарту. 2022 жылдан бері төрт жылдың ішінде 85 миллардтан аса инвестиция тартылды. Қалғанын төрт жылдың ішінде тарту керек, – дейді Қуантыров. 

Министрдің орынбасары бұл не үшін қажет екенін түсіндірді. 

- Біздің жалпы ішкі өнімді 2029 жылға дейін кемінде 450 миллиардқа көтеру үшін тартылып жатқан инвестициялар. Тек шетелдік қана емес, ұлттық инвестициялар да тартылады. Сондықтан инвестиция арқылы экономикалық циклді белсенді түрде дамытамыз. Ол қосымша жұмыс орны, зауыт, технологиялар мен ішкі нарықтың дамуына әкеледі, – дейді вице-министр. 

Серіктес жаңалықтары