×
494.28
587.06
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.28
587.06
6.4

Экс-судья Жолмановаға тағы бір үкім шықты

Бүгін, 12:23
Экс-судья Жолмановаға тағы бір үкім шықты
Ulysmedia.kz коллажы

11 ақпанда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Істі қараған судья сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен Жолманова Светлана Сатбаевна 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша, яғни жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға жұту қағидатын қолдану арқылы, 2025 жылғы 19 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазамен біріктіріліп, сотталушыға түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Жаза орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтелетін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ІСТІҢ ТАРИХЫ

2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

Ол бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан. Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылды. Енді міне, іс қайта жанданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары