×
494.28
587.06
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.28
587.06
6.4

"Қазақ тілінің өркендеуіне дайын болуымыз керек": АҚШ елшісі қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 17:37
"Қазақ тілінің өркендеуіне дайын болуымыз керек": АҚШ елшісі қазақ тіліне қатысты пікір білдірді
ulysmedia.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт қазақ тіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Бүгін, 13 ақпанада Астанада АҚШ елшісі Джули М. Стаффт журналистер алдында баспасөз мәслихатын өтізді. Жиынға Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева да қатысты.

Баспасөз брифингінде Джули М. Стаффт қазақ тіліне қатысты пікірін айтты.

– Қоғамда қызу пікірталас тудырған қазақ тілін орыс тілімен теңестіру мәселесі болды. Қазір Конституциядан орыс тілі мен қазақ тілінің мәртебесі тең дегенді алып тастап, қатар деп өзгертілді. Жалпы, осы пікірталасты қадағалап отырсыз ба? Сосын, бір байқағаным, бізде көптеген елшілер қазақ тілін Қазақстанға келіп, тез меңгеріп жатады. Сол тұрғыда сіз өзіңіз қазақ тілін оқып жатырсыз ба?, – деп сұрады Самал Ибраева.

– Мен өзімнің алдымдағы елшілер сияқты қазақ тілін үйренуге тырысып жатырмын. Бәлкім сіздер маған көмектесіп қаларсыздар. Қойған сұрағыңыз орынды. Бірақ біз АҚШ елшісі ретінде барған елімізде тіл саясатына әсер ете алмаймыз. Біздің қолымыздан келетіні барған дипломаттарды барынша қазақ тілінде жетік меңгеруге үйрету», – деді Джули М. Стаффт.

Бұдан бөлек, Джули М. Стаффт Қазақстанда жаңа буын ересектерге қарағанда қазақ тілінде сөйлеуге ұмтылатынын байқадым деді. Ол АҚШ Қазақстандағы әрбір салада қазақ тілінің өркендеуіне дайын болу керек екенін екенін айтты.

– Біздің білуімізше, Қазақстандағы жаңа ұрпақ барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысады. Бұрынғы, ересек ұрпаққа қарағанда және маған сіздердің ойларыңызды білген қызықты, қазақ тілінің болашағы жөнінде. Біздің тарапымыздан, Қазақстанның әрбір саласында қазақ тілінің өркендеуіне дайын болуымыз керек, – деді ол. 

Жаңа Конституция жобасында тіл туралы 9-баптың мемлекеттік тіл туралы бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал көпшілік арасында даулы пікір тудырған орыс тілі туралы тармағында «тең» деген сөз «қатар» сөзімен алмастырылды.  Яғни орыс тілі қазақ тілімен «тең қолданылады»деген сөз «қатар қолданылады» деп жазылады. Бірақ желіде бұл өзгеріс ештеңені өзгертпейді деп сынағандар көп.

Серіктес жаңалықтары