×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Қостанай облысы әкімінің орынбасары үйқамақта отыр

Бүгін, 14:10
Қостанай облысы әкімінің орынбасары үйқамақта отыр
gov.kz

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты істі қарау 13 ақпанда өтуге тиіс болған. Алайда облыс прокуратурасы бұл іс бойынша әзірше ресми ақпарат ұсынбады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

"Костанайские новости" басылымының сенімді дереккөздерге сілтеме жасап жазуынша, Гүлбарам Мұсағазина ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 3 және 4-бөліктері — "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша айыпталуда.

Оның есімі өңірдің денсаулық сақтау саласындағы атышулы сыбайлас жемқорлық ісі дауына іліккен. Қазіргі уақытта Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаевқа, оның орынбасары Ерболат Доспановқа және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубевке қатысты медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҮЙҚАМАҚ

Нәтижесінде облыс әкімінің орынбасарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Қостанайлық БАҚ-тың хабарлауынша, журналистер көшеден көлемі айтарлықтай үлкен зәулім үйді көрсеткен. Сенімді деректерге сәйкес, Мұсағазина сол үйде тұрады және алдағы уақытты аяғына тағылған арнайы электронды білезікпен сонда өткізеді.

 

Серіктес жаңалықтары