×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

16 жастағы қазақстандық Оман елшісінің аудармашысы болды

Бүгін, 15:54
16 жастағы қазақстандық Оман елшісінің аудармашысы болды
Видеодан алынған кадр

Іс-шара дипломатиялық қабылдау форматында өтті. Оған елшілер, консулдар және шетелдік миссиялардың өкілдері жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАС ТАЛАНТ

Қазақстандық 16 жастағы полиглот Оманның Қазақстандағы елшісінің аудармашысы ретінде қызмет атқарып, Иран Ислам Республикасының 47 жылдығына арналған ресми шараға қатысты.

Бахтияр Сәдібеков – араб тілінің маманы. Ол бұл тілді терең меңгеріп қана қоймай, өз қызығушылығын әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіп келеді.

Әлеуметтік желілерде оның 20 мыңнан астам жазылушысы бар.

– Тіл үйреніңіздер, достар. Тіл білу әлемді ашады, қарым-қатынас жасауға, мәдениетті түсінуге, байланыс орнатуға және жаңа достар табуға көмектеседі. Әрбір тіл – жаңа мүмкіндіктер, жаңа тәжірибе, жаңа кездесулер. Бүгін бастаңыздар, сонда әлем сізге жақындай түседі, – деп жазды Бахтияр Сәдібеков Instagram-дағы парақшасында.

Серіктес жаңалықтары