×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Айзат Жұманова ісі бойынша апелляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін, 17:28
Айзат Жұманова ісі бойынша апелляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Ulysmedia коллажы

Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағым қашан қаралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, шағым 25 ақпан күні сағат 15:30-да қаралады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 2025 жылы жазда әлеуметтік желілерде Ақсу ауданында әйелдің қатты соққыдан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Туыстарының айтуынша, ол бірнеше сағат бойы зорлық-зомбылық көрген, ал оқиға оның екі жасар қызының көзінше болған.

Марқұмның күйеуі күдікке ілінді. Бастапқыда іс абайсызда адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша тергелді. Кейін айып "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды.

Бірінші сатыдағы сот процесі қараша айының соңында басталды. Онда ондаған куә мен сарапшылардан жауап алынды. Мәйітті эксгумациялағаннан кейін қосымша сараптаманы тәуелсіз комиссия жүргізді.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда 9 қаңтарда сот оған орташа қауіпсіздік колониясында 14 жыл жаза тағайындады.

Марқұмның отбасы бұл шешіммен келіспей, қатаңырақ жаза талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары