×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оңтүстік Корея сарбазы қателесіп Солтүстік Кореямен шекарасына оқ қатты

29.01.2023, 13:44
Оңтүстік Корея сарбазы қателесіп Солтүстік Кореямен шекарасына оқ қатты
Фото: Ашық дереккөзден

Оңтүстіккореялық сарбаз оқу-жаттығу кезінде Солтүстік Кореямен шекарада абайсызда пулеметтен оқ атып жіберді. Әскерилер тез арада Солтүстік Кореяға хабар жіберіп, оқ әдейі атылмағанын жеткізді. 

Оңтүстік Корея әскерилері шығыстағы Канвондо провинциясындағы Корея шекарасына жақын маңда әскери бөлімшенің оқу-жаттығуы кезінде, сенбі күні сағат 18:27-де пулеметтен төрт рет оқ атылғанын мәлімдеді.

Оқтың бәрі әскери демаркациялық шекараның оңтүстік бөлігіне түскен, зақым келгені туралы ақпарат жоқ. Оқу-жаттығу кезінде оқ атылатыны жоспарланбаған.

Ресми тұлғалардың сөзінше, әскери бөлімше Солтүстік Кореяға бірнеше рет оқ әдейі атылмағанын радио арқылы хабарлады. Десе де төтенше жағдайға дайындығын күшейтті.

«Солтүстік Корея жақтан ерекше ештеңе байқалмайды, оқиғаның нақты қалай болғаны тергеліп жатыр», - деді бөлімше өкілі.