Спортшы, кикбоксинг шебері Сабыржан Махметов өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаралы хабарды журналист Қанат Ескендір хабарлады.
- Бір заманның батыр ұлы еді...бұ кісі де келместің кемесіне мінді деген суық хабар жетті… Бақұл болыңыз, Сабыржан аға…, – деп хабарлады журналист.
САБЫРЖАН МАХМЕТОВ
Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы әрі басшысы. Оның есімі жекпе-жек спорттарын дамытуға қосқан зор үлесі мен жоғары деңгейлі спортшыларды тәрбиелеудегі еңбегінің арқасында Қазақстанда ғана емес, елден тыс жерлерде де кеңінен танымал болды. КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ.
Бапкердің бүкіл ғұмыры кәсіби спортпен тығыз байланысты болды.