×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Қазақтар Киевтің орталығында дастарқан жайды

Бүгін, 10:22
Қазақтар Киевтің орталығында дастарқан жайды
Видео кадры

Қазақстандық белсенділер қазір жарықсыз және жылусыз өмір сүріп жатқан киевтіктерге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жергілікті қазақ диаспорасының бастамасын Орал қаласынан барған белсенділер, оның ішінде журналист Лұқпан Ахмедьяров та қолдады. Ұйымдастырушылар киевтіктерді палаумен тамақтандыруды ұйғарған. 

— Бұл Троещинаға үшінші рет келуіміз. Өткен жолы қатты суық еді, ал бүгін күн жылы. Ауыздан ауызға тараған хабар арқылы адамдар маған хабарласып, тағы да келуімізді өтінді. Мына үйлердің бәрі, өкінішке қарай, қазір жылусыз, жарықсыз отыр. Міне, әжелер де келіп, күтіп тұр. Қазір бірінші қазан, кейін екінші қазан қазақ палауын дайындаймыз. Алға Украина, Қазақстан алға, — дейді белсенділер.

Нәтижесінде қазандардың алдына ұзын-сонар кезек түзілді. Троещина тұрғындары палау, салаттар мен тәттілер ұсынылды. Жергілікті атмосфера қазақ музыкасымен әуеленіп, қыза түсті. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей Украинаға дрондар мен баллистикалық зымырандарды пайдаланып соққы жасаған. Соның салдарынан елдің энергетикалық инфрақұрылымы одан әрі қатты зардап шекті. Нәтижесінде Киев, сондай-ақ Днепр мен Одесса қалаларында ондаған мың тұрғын жылусыз, жарықсыз және сусыз қалды.

Серіктес жаңалықтары