Қазақстанның қорғаныс министрлігі Алматы және Жетісу облыстарында әскери бөлім дайындығын тексереді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-18 ақпан аралығында Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі.
«16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін», – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік хабарламасында әскери бөлімдер мен әскери техника түрлерінің дайындығы тексерілетіні және олар нақты қай жерге баратыны айтылмаған.